2025-2026 оқу жылы
Дұрыс тамақтану-бала денсаулығының негізі!
Бүгін мектеп асханасында бракеражды комиссия мүшелері тексеру жұмыстарын жүргізді. Ас мәзірі, тазалық, тағам сапасы мен сақтау талаптары қатаң бақылаудан өтті. Нәтижесінде тамақ сапасы барлық санитарлық талаптарға сәйкес келеді деп бағаланды.
- Таза асхана
- Балаларға арналған теңдестірілген мәзір
- Үнемі бақылаудағы сапа
Дұрыс тамақтанған бала-білімге құштар, сергек ұрпақ.



