

Тамақтану сапасы бақылау
Бүгін, 19.05.2026ж мектепте оқушылардың тамақтану сапасын бақылау мақсатында бракеражды комиссияның кезекті мониторингі жүргізілді. Мониторинг барысында асханадағы тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, ас мәзірінің талапқа сай дайындалуы және оқушыларға ұсынылу жағдайы жан-жақты қарастырылды.
Қорытындылай келе, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасы жақсы деңгейде деп бағаланды. Алдағы уақытта тағам сапасын жақсарту, ас мәзірін түрлендіру және оқушыларды толық қамту бағытында жұмыстар жалғастыру ұсынылды.
Бүгін, 11.03.2026ж бракеражды комиссияның мүшелері мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жай-күйін, ас мәзірінң перспективалық мәзірге сәйкестігі, дайындау технологиясын тексерді. Тексеру барысында ас блогының тазалығы, тағамдардың жарамдылық мерзімінің сақталуы, дайын өнімдердің тәуліктік сынамасының тоңазытқышта сақталғаны, ыдыстардың таңбаланғаны қадағаланды. Бракераж комиссиясы асхана жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

