25 қазан – Республика күніне орай «Ақшұқыр мектеп-гимназиясы» КММ-де 1–2 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, туған елінің тарихын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау барысында жас суретшілер өз туындылары арқылы туған жердің әсем табиғатын, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, бейбіт өмір мен ел бірлігін бейнеледі. Оқушылар түрлі түсті бояулар арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін ерекше шығармашылықпен жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары бағаланып, үздік сурет авторлары мадақтамалармен марапатталды.
Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, туған елге деген мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етті.
🇰🇿 Отанға деген сүйіспеншілік – бала жүрегінен басталады!

