Smartұрпақ шығармашылық лагерінің 4-күні – Мемлекеттік рәміздер күніне арналды.
Күн дәстүрлі таңғы жаттығумен басталып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен таңғы астарын ішті. Одан кейін әр топ бөлініске сәйкес үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
Үйірме жұмыстары аяқталған соң демалушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған топаралық сайысқа дайындалды. Сайыс екі кезеңнен тұрды: хор орындау және көркемсөз оқу. Қатысушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін ән мен жыр арқылы әсерлі жеткізе білді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
🏆 Бас жүлде – «Болашақ» тобы
🥇 І орын – «Бірлік» тобы
🥈 ІІ орын – «Falcons» және «Арман» топтары
🥉 ІІІ орын – «Барыс» тобы ие болды.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Ел рәміздерін құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыра түседі. 🇰🇿✨
