Бракераж комиссия отырысы
Бүгін мектеп асханасында кезекті бракераждық тексеру өтті.
Тексеру барысында асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, тағам өнімдерінің сапасы мен сақталу мерзімдері, ас әзірлеу және тарату тәртібі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, қызметкерлердің арнайы киімі, жеке гигиена ережелерін сақтауы, жұмыс орындарының тазалығы мен құрал-жабдықтардың жағдайы да назардан тыс қалмады.
Тексеру қорытындысы бойынша асхана жұмысының негізгі бағыты дұрыс ұйымдастырылғаны атап өтіліп, бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер берілді.
Мұндай тексерулердің басты мақсаты – оқушылардың денсаулығын қорғау, сапалы әрі қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету.
Асханамыздың тұрақты бақылауда болуы – балаларымыздың денсаулығына жасалған маңызды қадам.
Барша асхана қызметкерлеріне жауапкершілігі мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
