🧠 «Математика өмірде» – миға арналған 15 минуттық серпіліс! ✨
Жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес, «AI – үзіліс: 15 минуттық серпіліс» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімі Қазтұрғанқызы Жанар 7-сынып оқушылары арасында «Математика өмірде» атты ми жарысын ұйымдастырды.
🎯 Зияткерлік сайыс барысында оқушылар өздерінің математикалық білімдерін, тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттері мен жылдамдықтарын сынап, белсенділік танытты.
