🇰🇿 «Менің Республикам – менің мақтанышым»
25 қазан – Республика күніне орай «Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
✨ Кездесу «Құпия қонақ» форматында өтіп, білім алушыларға шабыт сыйлау, отансүйгіштік рухын қалыптастыру және елге еңбегі сіңген тұлғалардың өмір жолымен таныстыруды мақсат етті.
⭐️ Кездесудің арнайы қонағы ретінде Қаламқас Шүйішбекқызы Сатыбалды шақырылып, білім алушылармен тағылымды әңгіме өрбітті.
🇰🇿 Республика күні құтты болсын! Еліміздің ертеңі – білімді, рухы биік ұрпақтың қолында!
