Жаңа 2026–2027 оқу жылы куаныш пен табысқа, толағай жетістіктерге толы болсын! Шығармашылық табыс пен сарқылмас қайрат тілейміз.
Оқу жылының басында психологиялық қолдау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мақсатында сынып жетекшілеріне ата-аналардың келісім беру немесе бас тарту парақтары таратылды. Бул құжат мектеп психологтарының балалармен ресми әрі ашық форматта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өзара кездесу барысында:
* Мектеп өмірінде балалармен және ата-аналармен қарым-қатынаста жиі кездесетін қиындықтар талқыланды;
* Тиімді өзара әрекеттесу бойынша пайдалы кеңестер мен әдістемелік усыныстар берілді.
Балалардың жарқын болашағы мен психологиялық амандығы жолындағы ортақ еңбегіміз жемісті болсын!
Мектеп психологтары: Туметова Г., Қайратова А.
