Бүгін профориентолог және «Тәлімгер» жобасының координаторы Сисенов Әбілхайыр Әділханұлы оқушылармен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандықты дұрыс таңдау, жеке қабілет пен қызығушылықты анықтау, кәсіпкерлік бағыттағы мүмкіндіктер және болашаққа мақсат қою мәселелері талқыланды. Оқушыларға мамандық таңдауда өз қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерудің маңыздылығы түсіндірілді.
Нәтижесінде оқушылар болашақ кәсіби бағытын айқындауға және кәсіпкерлік мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейтуге қажетті ақпарат алды.

