Мектебімізде «Адал азамат – зерделі ұлт: отбасы, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында:
🔹 Мектеп директоры Айжан Оңайбайқызы Рахиева – жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер мен мектеп жұмысының бағыттары туралы баяндады.
🔹 Мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж. Момынов – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігі мәселелерін түсіндірді.
🔹 Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айнұр Алпамысқызы – ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағыттары туралы ақпарат берді.
🔹 Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, педагог-зерттеуші Гүлбаршын Адамбаева – ұлттық құндылықтар мен отбасындағы тәрбие, ата-ана мен бала қарым-қатынасы туралы ой бөлісті.
🔹 МДТІЖО Қ.П. Молдағалиева – мектептің ішкі тәртіп ережелері және ата-аналардың жауапкершілігі жөнінде таныстырды.
🤝 Жиын соңында ата-аналардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік! 🌿
