9-11 сынып оқушылары арасында «Talimger» жобасы аясында «Шебер қолдар» өмірлік дағдылар сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тігіншілік және қолөнер дағдыларын қалыптастыру, еңбекке деген қызығушылығын арттыру және кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту. Сонымен қатар оқушыларға өз қолымен жасаған бұйымдарын бағалау, өнімнің өзіндік құнын есептеу, сұранысқа сай өнім әзірлеу, оны ұсыну және болашақта шағын кәсіп бастау мүмкіндіктерін түсіндіру көзделді. Сайыс арқылы оқушылардың іскерлік қабілеттерін шыңдап, шығармашылық идеяларын кәсіпкерлік бастамаға айналдыруға ынталандыруға басымдық берілді.
Сайыс барысында қыздар өздерінің тігіншілік шеберліктерін көрсетіп, сәнді және қолжетімді сөмкелер тікті. Қатысушылар түрлі маталар мен әшекейлерді пайдаланып, ерекше дизайндағы бұйымдар дайындады.
✨ Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

